14.10.2022, 18:23
Оқылды: 46

Ұлағатты ұстазды 80 жасымен құттықтады

Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Сарбалина және «AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының хатшысы Біржан Қуанәлиев Орал қаласы және Жәнібек ауданының Құрметті азаматы, ауданымыздың білім саласында ұзақ жылдар ұстаздық қызмет етіп, елге сыйлы, халқына қадірлі азамат бола білген Өтебай Құспановтың үйіне арнайы барып, 80 жас мерейтойымен құттықтады.

IMG-20221014-WA0068

Ауданнан барған делегация өкілдері мерейжас иесіне еліміздің өркендеуіне қосқан мол үлесі, атқарған адал қызметі үшін алғыстарын білдіріп, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Аудан әкімі Азамат Сафималиевтің сәлемдемесі мен құттықтау хатын табыстап, сый-сияпатын ұсынды. Өз кезегінде 80 жасты еңсерген білім саласының үздігі ақ батасын беріп, ризашылығын білдірді.

IMG-20221014-WA0069

Құспанов Өтебай 1942 жылы Жәнібек ауданының Тегісшіл ауылында дүниеге келген. 1959-1964 жылдары А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының физика-математика факультетін қызыл дипломмен бітірген. 1968 жылы институттың алгебра және геометрия кафедрасына ассистент болып жұмысқа кіріскен. 1971 жылы Свердловск қаласындағы М.Горький атындағы Орал университетінің аспирантурасына оқуға түседі. Ө.Құспановтың математика саласына байланысты екі еңбегі Нью-Иорк (АҚШ) және Мюньхенде (Германия) жоғары бағаға ие болып, еңбектері ғылыми журналдарда басылған. 1986 жылдың қаңтарында облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтына директор болып тағайындалып, осы жұмысты ширек ғасыр бойы абыроймен атқарған. Ө.Құспанов - математиканы оқытудың теориясы мен практикасы және оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру бағыттары бойынша 18 ғылыми жұмыстың авторы. 1995 жылдан доцент, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі. 2002 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Лаура Қалы,

Жәнібек ауданы

 zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале