12.05.2021, 10:06
Оқылды: 72

«Ұлан» - жақсы дүкен

Теректі ауданының Подстепное ауылында ісі үлгі болар дүкен бар. 2016 жылы ашылған «Ұлан» азық-түлік дүкені бес жылдан бері не арақ, не темекі сатпаған. Және алдағы уақытта да сатпайды!

87CBBE62-B3EE-4948-92B2-EC2A977B2204

Дүкен иесі Гүлайым Ишанғалиева спирттік ішімдіктер, сыра, темекіден түсер пайданың молдау болатынын біле тұра, бұл қадамға саналы барған.

-Өзім қос ұл тәрбиелеп отырмын. Болашақта олардың жаман әдеттерден аулақ болғанын қалаймын. «Баланы жастан» деген, ұлдарым Ұлан мен Арланға «арақ ішкен жақсылыққа әкелмейді. Ал темекі – ағзаға өте зиян» деп кішкентайынан құлақтарына құйып келемін. Өзім солай айта жүріп, дүкенде арақ-темекі сатсам, берген тәрбиемнің бос сөз болғаны емес пе?! Оның үстіне, адамға кесапат келтірмей, нәпақамызды адал айырған дұрыс деген шешімге келдім,- дейді Гүлайым Сағындыққызы.

Ал сабақтан бос уақытында дүкенші орнын ұстап тұратын кіші ұл Арслан:

- Бізде қажетті тамақтың барлығы да бар. Сауда жасайтын адамдар керегін алады. Маған біздің дүкенімізде арақ-шарап сатылмайтындығы ұнайды. Көршілеріміз үйренген, ал шеттен кісі келе қалса, «сонда не сатасыңдар?» дейді. Кейбір адамдар «өте жақсы дүкен, жаман нәрселерді сатпаған дұрыс қой» деп мақтап жатады. Сондай кезде мен қуанамын,- деп мақтанышын айтты.

 Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале