24.01.2022, 12:30
Оқылды: 96

Ұлттық ойындар дәріптелді

Шыңғырлау ауданында тұрғындардың салауатты өмір сүруге деген талпыныстары арнайы мекемелер тарапынан үлкен қолдау тауып отырады. Әсіресе, қыс айының қызығы өз алдына бір тақырып. Бет шымшитын аязға қарамастан балалақайлар шанамен сырғанақ теуіп, аққала жасап, қар атысып бар қызықтың ортасында жүргені.

2

Жуырда осындай таза ауада жүргенді жаны сүйетін балалақайлар үшін «Шыңғырлау» спорт клубы мен балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ашық есік күнін ұйымдастырды. Аудандық спорт мектебінің директоры Манарбек Бектияров  ұлттық спорт түрлеріне балалардың қызығушылығын ұштау мақсатында көкпар ойынының әдіс-тәсілдерін меңгеру, еңкейіп серкені алу, ұтымды айла қолдану туралы көрсетіп, кеңінен жеткізе білді. Сол сияқты аударыспақ ойынына да кезек беріліп, атпен серуен жасады. Таза ауада өткізілген сабақ-серуен балалақайларға ерекше ұнады.

1

«Осындай әрі жаттығып, әрі ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге арналған кездесулер жиі болып тұрса екен» - деген тілектер айтылып, спорт мамандарына деген ризашылықтырын білдірді.

                                                                                         Назым Айқын,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале