23.08.2023, 16:15
Оқылды: 36

Ұлттық спорт ұлықталды

Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің аудандық «Jastar» спорт клубының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Спорт күні мерекесіне орай теңге ілу, жамбы ату және дәстүрлі садақ атудан Жаңақала ауданының чемпионаты өткізілді.

жп жанакала спорт (2)

Оған Пятимар, С.Меңдешев, Көпжасар, Жаңақала мектебі мен Жаңақаланың №3 мектебі, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, «Jastar» спорт клубының командалары қатысты.

жп жанакала спорт (3)

Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ақерке Сансызбаева спортшыларға сәттілік тіледі.

Жарыстың қорытындысы бойынша дәстүрлі садақ атудан ерлер арасында Берік Бекмашев (Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің командасы) І орынды иеленсе, ал әйелдер арасында І орынды Алмагүл Сахипова (Жаңақала аудандық «Jastar» спорт клубының командасы) жеңіп алды.

жп жанакала спорт (6)

Теңге ілуден Қолқанат Серіков (Жаңақала аудандық «Jastar» спорт клубының командасы) топ жарса, жамбы атудан Шапағат Ермекқалиев (Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің командасы) үздік болды.

жп жанакала спорт (10)

Жарыстың жүлделі орындарға ие болған спортшылар Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жаңақала аудандық «Jastar» спорт клубының дипломдарымен, медальдарымен және сыйлықтарымен марапатталды.

жп жанакала спорт (1)

Аруғаным Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале