3.02.2017, 12:39
Оқылды: 22

Ұлы дала елінің өрлеуіне жол ашатын құжат

Zelenov joldau  Зеленов ауданы әкімі Кәрім Жақыповтың төрағалығымен Жолдауды түсіндіру және іске асыру жөніндегі актив отырысы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары, ауыл әкімдері, ардагер және саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, жастар және бұқаралық ақапарат өкілдері қатысты.


  Жолдаудың әр бағытына тоқталып өткен аудан басшысы: «Қазіргі уақытта Елбасының Жолдауынан туындайтын барлық міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Үкіметпен Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары жасақталды. Ендеше, осы жоспарға сәйкес біздер өңірлік іс-шаралар жоспарын дайындап, Елбасы Жолдауындағы мақсаттарға жету үшін барлық тиісті жұмыстарды уақытылы және сапалы түрде атқаруымыз қажет. Сонымен қатар, Жолдаудан туындайтын міндеттерді орындау үшін  бірқатар шараларды қолға алуымыз керек» деді.

  Актив жиыны барысында аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Ысмағұлов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Дүзбатыров, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Серік Сафиуллин, Краснов селолық округінің әкімі Александр Шаталов, аудандық орталықтандырылған аурухана директоры Тимур Мұсағалиевтер маңызды құжат жөнінде пікірлерін білдірді.

Айшабибі МӘМЕТ

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале