22.03.2024, 23:33
Оқылды: 14

Ұлыстың ұлы күні: Қаратөбе ауданында ұлттық тағамдар байқауы өтті

Қаратөбе ауданындағы орталық алаңда бой көтерген екі киіз үйдің біріншісінде мерекеге орай ұйымдастырылған ұлттық тағамдар дайындау бойынша байқау өтті.  

Наурыз мейрамы 2 -2

Аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы бастаған топ байқауға байланысты дайындалған тағамдар түрлерімен танысты. Байқауға қатысушы әр ұжым өздері дайындаған тағамдары туралы әңгімеледі.

Аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Құмарұлы және ауданның бір топ ардагерлері екінші киіз үйде ауданның білім беру саласы ұжымдары ұйымдастырған мерекелік дастарқан мәзіріне қатысып, өздерінің мерекелік жылы лебіздерін айтты. Ауылдан жырақта жүрседе жүрегі туған жерім деп соғатын ауыл ағалары Серік Бралиев пен Моряк Фазылғалиев ағаларымыз мейрамға арнайы келіп, жүрек жарды лебіздерін арнады. Үлкен өнер иесі Бейбіт Сағынғалиев ағамыз ән орындап, апа-ағаларымызды өнерімен тәнті етті.

Наурыз мейрамы 2-3

Ұлттық тағамдар дайындау байқауының нәтижесі бойынша аудандық орталықтандырылған кітапханасы жүйесі ұжымы байқаудың жеңімпазы атанды. Екінші орын Шөптікөл орта жалпы білім беретін мектебі ұжымына бұйырса, үшінші орынды Мұхит жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымы иеленді.

Сонымен қатар ауыл балалары наурыз туралы өлеңдерін, тақпақтарын, құттықтауларын айтып аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық ортылығы және «Ізгілік» қоғамдық бірлестігі ұсынған сыйлықтарға ие болды.  Балалар алаңдағы алтыбақанда тербеліп, көңілдерін көтерді. Мерекелік іс-шара ұлттық спорттық ойындарға ұласты.                                                                                      

                                                                                            Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале