5.02.2020, 16:37
Оқылды: 128

Үш қабатты тұрғын үйдің құрылысымен танысты

Сырым ауданы әкімінің есеп беру жиынына облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев келді. Өңір басшысының орынбасары ауданда үш қабатты тұрғын үйдің құрылысымен танысты.

syrym ui (2)

Жымпиты ауылында салынып жатқан үш қабатты тұрғын үйдің мердігері – Дамир Балмулдин директорлық ететін «Батыс котломонтаж» ЖШС. Құны 410,297 млн теңгені құрайтын үш қабатты үйдің құрылыс жұмысы 2019 жылдың 25 маусымында басталды. 36 пәтерлік тұрғын үй 2020 жылдың маусымында аяқталады деп жоспарлануда.

Үйдің жалпы ауданы – 2365,08 шаршы метр. 36 пәтердің 18-і көп балалы аналарға берілмек.

«Сырым ауданы» ақпарат

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале