15.06.2022, 17:15
Оқылды: 60

Ұстаздар арасында өткен турнир

Жуырда Түркістан облысы, Сайрам ауданы Ақсукент ауылындағы «Қайрат» спорт кешенінде «Спорт жұлдыздары» журналының 15 жылдығына орай ұстаздар арасында республикалық турнир өтті. 

IMG-20220615-WA0053

Дүбірлі додаға еліміздің 12 өңірінен Ақтөбе, БҚО, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, ШҚО, Павлодар, Алматы облыстары мен Шымкент және Алматы қалаларынан келген ұстаздар дойбы, үстел теннисі, шағын футбол, және гір спортынан өнерлерін ортаға салды. Жаңақала ауданынан «Jastar» спорт клубының қазақ күресінен жаттықтырушысы Жасқанат Сыралиев гір спортынан 20-29 жас ерекшелігі бойынша +80 кг салмақ дәрежесінде қатысқан спортшылардың арасынан үздік шығып гір көтеруден І орынға ие болды және «Спорт жұлдары» журналы редакция алқасының шешімімен «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі» төсбелгісімен марапатталды.

IMG-20220615-WA0052

Үлкен додаға ешкімнің қолдауынсыз облыс атынан өз қаражатымен барып чемпион болып келген Жасқанат Ержанұлын жеңісімен құттықтаймыз!

жасқанаттт

Арайлым Мәлікқызы,

Жаңақала ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале