5.10.2021, 11:43
Оқылды: 54

Ұстаздарға құрмет көрсетілді

«Алты алаштың баласы бас қосса, төр мұғалімдікі» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, Сырым аудандық мәдениет үйінде мерекелік кеш болып, аудан әкімі Төлеген Төреғалиев құрметті мамандық иелерін кәсіби мерекемен құттықтады.

DAEE35FD-6125-4760-851C-2FD2D27352FF

Кәсіби мереке қарсаңында Қ.Мырзалиев атындағы мектептің түлектері, ауданымыздың мақтаныштары

Кемелбек Ойшыбаев, Шолпан Қадыровалар LED экран арқылы ұстаздар қауымын құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

1-қазан күні Орал қаласында өткен ұстаздар мерекесіне арналған шарада Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлжан Тұржігітова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.

CE17CB9A-2F1D-473B-9E59-47A0B35AEC27

Ал ауданымыздың бірқатар ұстаздары облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, аудан әкімінің алғысхатымен және Сырым аудандық білім беру бөлімінің Құрмет грамотасымен, «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» грамотасымен, облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Құрмет грамотасымен, Сырым аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталып, құрметке бөленді.

Мерекелік шара мектеп оқушыларының және аудандық демалыс орталығы өнерпаздарының сазды әуендерімен әрленді.

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале