11.06.2021, 11:43
Оқылды: 73

Вакцина алып, індетке қарсы тұрайық

Қазіргідей жағдайда екпенің қажет екені рас. Зерттеген ғалымдар, медицина саласының мамандары «Спутник-V» вакцинасына қатысты оң баға беріп жатыр. Алайда қарапайым халық арасында әлі де түрлі алып-қашпа әңгіме, екі ұдай сенім бар. Дей тұрғанмен, мен ресейлік «Спутник-V» вакцинасын қауіпсіз деп санап, екі кезеңін де алдым. Әр адамның ағзасы әртүрлі және кез келген дәрі әркімге түрліше әсер ететіні анық. Ал мен екпені алған бойда да, алғаннан соң да өзімді жақсы сезіндім. Ешқандай ауырсыну, жайсыздық белгілері байқалмады.

D64F7B22-0C41-4FE7-97A7-F17487527FD5

Вакцинаны салдырғандағы мақсатым – ең алдымен, өзімді және туыстарымды жұқпалы індеттен қорғау үшін аса қажет деп есептеймін. Алдағы уақытта да жұқтырып алмау үшін де осы шешімге тоқталдым. Сондай-ақ балабақша да жұмыс істейтін болған соң, күнбе-күн балалармен және олардың ата-аналарымен кездесемін. Жұқпалы індеттің өршіп тұрған уақытында өзіңе де, өзгеге де қауіп тудырмау өте маңызды. Негізі вакцина қабылдау әр адамның азаматтық жауапкершілігі деп білемін.

Ақмарал Мусина,

Жаңақала аудандық балалар бөбекжайында «Тұлпар» тобының тәрбиешісі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале