1.09.2021, 17:15
Оқылды: 42

Ветеринария саласына үлкен қолдау болмақ

Үкімет жыл соңына дейін ветеринария жұмысын реформалау жөнінде нақты шаралар қабылдауы керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялау кезінде мәлім етті.

 ккк

Сонымен бірге Президент: «Ветеринария саласын да жетілдіру керек. Бұл салада орталық пен өңірлер арасындағы міндеттер мен қызметтер нақты бөліну керек. Мал басының амандығы және өнімділігі жергілікті ветеринарлардың тиімді жұмысына байланысты. Бұл түптеп келгенде ауылдағы ағайынның әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Ветеринария қызметі қазіргі заман талабына сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес. Сондықтан осы салада жүйелі жұмыс атқару қажет. Атап айтқанда үдерістерді цифрландыру және мәлімет жинау,оны автоматтандыру маман дайындау және олардың жалақысын арттыру туралы Үкімет жыл соңына дейін ветеринария жұмысын реформалау жөнінде нақты шаралар қабылдауы керек», - деді.

Жолдауда аталған ветеринария саласын реформалау – біздің салаға үлкен өзгерістер əкелері сөзсіз. Сала мамандарының жалақысын арттыру да үлкен қолдау болмақ.

 

Аманжол Қажығалиев,

Казталов аудандық аумақтық инспекциясының

мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале