20.12.2017, 17:19
Оқылды: 15

Халықаралық турнирден алтынмен оралды

Атырау қаласында ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі төреші Қошқарбай Табынбаевты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті.

Турнирге еліміздің барлық облыстары мен көршілес, Ресей, Украина, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғыз елінен 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер қатысты. Байрақты бәсекеде облыс намысын қорғаған аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Расул Жолдасов турнир жеңімпазы атанды.

Ізін ала Орал қаласында өткен самбодан облыс біріншілігінде бақ сынаған аталмыш мектеп тәрбиеленушісі Дәурен Шүйінішқалиев үшінші орынға қол жеткізді.

Түгелбай Бисен,

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале