13.02.2023, 17:45
Оқылды: 48

Хамза тойы  —  халық тойы

Теректіге Оралдан белгілі ақын Айтқали Нәріков пен тарихшы Сайлау Сүлейменов келген еді. Меймандар ең алдымен  аудан әкімі Тілек Габдушевтың қабылдауында болды. Ауданға ат басын  тіреген азаматтар  жерлес жазушымыз Хамза Есенжановтың 115 жылдық мерейтойын атап өту жайын ақылдаса келіпті.  Әңгіме барысында аудан басшысы  әрдайым қолдауға дайын екендігін айтты.

IMG-20230213-WA0040

Кездесу одан әрі «Қазына» коворкинг орталығында жалғасты. Елге арнайы келген жандарды аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің мамандары қарсы алды. Одан әрі кітапханашылар Хамза Ықсанұлына арнайы дайындалған көрме мен  балалар кітапханасының жұмысымен таныстырды.

IMG-20230213-WA0027

Басқосуға аудан әкімінің орынбасары Дамир Ғұмаров, Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Эльвира Аманғалиева, Шалқар ауылдық округінің әкімі Сабырбек Мусин, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Лунара Сердалиева және бірқатар бөлім мамандары қатысты.

IMG-20230213-WA0034

— Хамза Есенжановтың бір ерекшелігі — қазақ топырағында бір өлке жайында төрт томдық кітап жазған жазушы. Ақжайыққа — Жұбан Молдағалиевті, Сырымға — Қадыр Мырза Әліні, Теректіге — Хамза Есенжановты берді,  — деді ақын Айтқали Нұрышқалиұлы.

Сонымен қатар ел болып ақын топырағы, Шалқар көлі жағасында 115 жылдығын өткізуді ұсынды.

— Хамза Ықсанұлы — ұрпағына тағылым болған ұлы тұлға. Оның атына облыстан көше беру жоспарлануда.  Жазушының тойында жыр оқып, конференция жасап кейін ат шаптырып бәйге жасасақ, естен кетпес күн болары анық. Жас ұрпаққа жазушыны жақсылап танытып, насихаттауымыз керек,— деді жиында тарихшы, өлкетанушы Сайлау Сүлейменов.

Сөйтіп, жан-жақты талқылаған жоспар бойынша биылғы жылдың күз мезгілінде Хамза тойы өтпек.

 

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале