14.06.2021, 14:20
Оқылды: 38

Зағиптардың да айтары бар

Сырым ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандағы зағиптар және мүгедектері ұйымының 2019-2021 жылдарда атқарылған жұмыстары туралы есепті конференциясы болды. Аталмыш конференцияның жұмысына аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, облыстық «Қазан соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы Мұрат Қадырбеков, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Ерлан Сәрсенов, округтердегі зағип жандар қатысты.

34E9AE0C-ECBD-4C0A-BE17-559DBDB7F10E

Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев конференция жұмысын кіріспе сөз сөйлеп ашқан соң мінбеге көтерілген «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі аудандық филиалы төрағасы Жәрдем Мухамбетжанов есепті хабарлама жасады.

Жәрдем Хамитұлының келтірген деректеріне сүйенсек, аудан бойынша 658 мүгедек есепте.

Ал жіктеп айтар болсақ,60-ы бірінші, 244-і екінші, 294-і үшінші топ мүгедектері болса, бала жасынан мүгедектер де осы есепте тіркелгендер санатында.

Айта кету керек, үстіміздегі жылы қозғалуы қиындық туғызатын бірінші топтағы мүгедектерді жеке көмекші қызметімен қамту мақсатында аудандық бюджеттен қомақты қаражат бөлініп,«Көру мүшесі зақымдалған мүгедектер» қоғамдық бірлестігінің «Орал» корпоративтік қоры тарапынан бірінші топтағы 44 мүгедек жеке көмекші қызметімен қамтылды.

Хабарламадан соң облыстан арнайы келіп, қатысқан Мұрат Жақсығалиұлы зағиптар мен мүгедек жандарға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған аялы қамқорлықтарға, қабылданған заң шеңберіне тоқталды.

A90C39AE-F4EB-44A1-AEF1-81A2A089D34A

Конференцияда бірінші топ мүгедектері Қ.Бекболсынов, Ү.Төребаева тарапынан айтылған емханада емделу, кезексіз қабылдау, буын, бел ауруларына уқалау (массаж) маманы, «Жедел жәрдем» қызметіне жеделдіктің ауадай қажеттігі сияқты ұсынба-ескертпелері қаперге алынды.

Конференция барысында мүгедектер тарапынан көкейлерінде жүрген ұсынбалары тыңдалып, бұл тұрғыда Т.Төреғалиев, М.Қадырбеков, Е.Сәрсенов нақты деректермен түсіндірді.

Ал қатысушылардың көңілдерін көтеріп тастаған жағымды хабардың бастысы шілде айынан бастап ауданда «инва-такси» алынып, мүгедектерге қызмет көрсететін болады.

Конференция жұмысын аудан әкімі Т.Төреғалиев қорытындылап, «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының төрағасы болып Ж.Мухамбетжанов қайтадан сайланды.

Мүсірбек Әлібекұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале