28.10.2022, 17:30
Оқылды: 162

«Заң керуені» акциясы өтті

 Өздеріңізге белгілі, облыс көлемінде «Заң керуені» акциясын өткізу мақсатында арнайы ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, ол барлық аудандарда жұмыстануда. Акцияның мақсаты - халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін көтеру, заңдарды түсіндіру бағытында ұйымдастырылды. Аталмыш акция бүгін Шыңғырлау ауылының мәдениет үйінде де өткізілді. Жиынды аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова ашып, кейін жиынға аудан прокуроры Серік Орынғалиев төрағалық етті.

WhatsApp Image 2022-10-28 at 16.27.59 (1)

Шараға облыстық мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері арнайы келіп, Шыңғырлау ауданының мекемелері және дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудандық медиаторлар, ақсақалдар кеңесі, қоғамдық кеңес төрағалары қатысып отырды.

WhatsApp Image 2022-10-28 at 16.27.56

Ең алдымен облыс прокурорының орынбасары Азамат Сатбаев баяндама оқып, содан соң әр бөлмеде тұрғындарды қабылдау жүргізілді. Өз сұрақтары, өтініш-арыздарымен келушілер Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Бақтыгүл Агилманова, Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Олжас Ибраймов, Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару басқармасы басшысының орынбасары Тахир Нұрахметов, Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сатқан Өмірзақов, Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Мақсотовтың, сондай-ақ басқа да облыстық құқық қорғау органдарының өкілдері, жауапты мамандарының көмегін алды.

WhatsApp Image 2022-10-28 at 16.28.00

Айсұлу Арыстанова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале