25.07.2021, 14:39
Оқылды: 47

Заңбұзушылық тіркелмеді, талап сақталуда

Бүгін Қазақстанда алғаш рет өтіп жатқан ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы Бөкей ордасы ауданында нөмірі 69, 70, 71, 72 учаскелерде өтуде.

IMG_25072021_143634_(958_x_718_пиксель)

Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Бағдат Лұқпановтың айтуынша, сайлау барысын бақылауға "Nur Otan" партиясынан он байқаушы, қоғамдық ұйымдардан екі байқаушы тіркелді. Бұлардан басқа төрт кандидаттың екі-екіден сегіз сенім білдірілген уәкілі тағы бар.
Т.Масин ауылдық округінде өтіп жатқан сайлау барысын байқаушы Бақытжан Нысаналиев:
- қоғамдық ұйым атынан байқаушы боп тіркелді. Сайлау басталғалы науқанның өту барысын бақылап отырмын. Ешқандай құқық бұзушылық, түсінбеушіліктер орын алған жоқ. Шамалауымша, ауыл жұртының басым көпшілігі дауыс берген болар деп ойлаймын. Ауылдың аға буыны да, жастары да белсенділік танытуда. Эпидахуалға байланысты санитарлық талаптар да қатаң сақталуда. Дене қызулары тексеріліп, маска тағулары, арақашықты сақтаулары қатаң талап етілуде, - дейді.

Ұлпан Әнуарқызы,
Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале