26.06.2020, 12:36
Оқылды: 92

Зейнеткерлерді газетке тегін жаздырды

Ақжайық ауданында нағыз газет жанашырларының көп екені осы жазылым науқанында анық байқалды. Аудан басшылығынан бастап, бірқатар мекеме-ұжым басшылары халық пен биліктің арасында алтын көпірге айналған «Жайық таңы» газетіне қолдауға мұқтаж жандарды тегін жаздыруда.

26EB5A29-BB11-4D0E-9D53-72419129D0CE

Солардың бірі, талай қайырымдылық шараларға ұйытқы болып жүрген аудандық мәслихат хатшысы – Сәлімгерей Сиражев. Ол ауданнан жырақта тұрса да, туған жерінде жылт еткен жақсылықтар мен ел арасындағы мәселелерді қалт жібергісі келмейтін 20 зейнеткерді аудан тынысының жаршысына өз қаражатына жаздырды.

Міне, осындай көпке үлгі-өнеге болып, өзінің адамгершілік, қайырымдылық қасиеттерін көрсете білген азаматқа оралдық ардагерлердің айтар алғыстары шексіз.

Әлия Шарапиева

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале