22.11.2021, 12:30
Оқылды: 100

Зейнеткерлік демалысқа шығарып салды

Шыңғырлау ауданының өнер саласында есімі ерекше аталатын мәдениет майталманы Жұмабай Байғалиевті аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова 63 жасқа толуымен құттықтады.

36

Әлия Биғазықызы зейнеткерлік жасқа жеткен туған күн иесін төл мерекесімен құттықтап, мықты денсаулық, рухани сергектік, амандық тіледі. Мәдениет, білім және мемлекеттік қызмет салаларында абыроймен қызмет атқарған Жұмабай Байғалиұлына аудан әкімі құттықтау хатын табыстап, иығына шапан жауып, сый-сыяпат жасады.

37

Өз кезегінде сөз алған Жұмабай Байғалиев те Шыңғырлау ауданы басшылығына, әріптестеріне қызметін елеп, жылы лебізін білдіргеніне алғысын білдірді.

38

Осы орайда, бүгін кеште мерейтой иесінің құрметіне арналған «Ән тербеп жүрегімді» атты шығармашылық кеш өтетінін хабарлай отырып, баршаңызды әдемі кешке шақырамыз!

Анар Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале