5.06.2018, 14:54
Оқылды: 33

Зеленов ауданында туризм мұражайы ашылды

Зеленов аудандық жас туристер стансасы жанынан туризм мұражайы ашылды.

Аталмыш мекеме ұжымы қолға алған игі шараның ашылу салтанатында сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Исмағұлов:

- Туған жерге туың тік, -дейді халық нақылы. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынның «Туған жер» бағдарламасында жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін атап өткен болатын. Бүгінгі ашылғалы тұрған мұражай аудандық жас туристер стансасының ұжымы Елбасымыздың әр бастамасын қолдайтындығының көрінісі, - деді.

DSC_0350Өз кезегінде аталған мұражайды ашуға бір кісідей атсалысқан жас туристер стансасының директоры Галина Терехова:

- Бүгінгі ашылған туризм мұражайы - ұжымымыздың еңбегі. Бұл бастаманы бұрыннан ойластырып жүрген едік. Елбасымыздың бағдарламалық мақаласы ісімізді тез жасауға септігін тигізді. Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. Еліміздің әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры – тұнып тұрған тарих. Жаңа мұражай ел тарихын түгендеуге септігін тигізеді деген сенімдеміз, - деп мұражай жұмысына сәттілік тіледі.

Екі бөлімнен тұратын мұражайдың бірінші бөлмесінде аудандағы туризмнің қалыптасу тарихы мен соңғы жылдардағы жетістіктері берілген. Роберт Дик сияқты ауданда алғаш болып туризм үйірмесін ашқан азаматтар мен Нина Чернецова, Юрий Бурцев, Лидия Андрейщева сынды жергілікті жердің алғашқы туристері жайында кең мағлұматтар жинақталып, олардың пайдаланған жеке заттары да қойылған. "Туризм техникасы" спортынан жеткен жетістіктер мен облыс, республика және халықаралық туризм жарыстарынан иеленген кубоктар мен медальдар да саяхат мұражайына ерекше сән беріп тұр.

Аудан орталығында ашылған ерекше мұражайдың екінші бөлмесі экология бағытына арналған. Ол жерде аудан аумағынан табылған ихтиозаврдың шағын макеті мен жергілікті жерден шығатын пайдалы қазбалар және басқа да қызықты экспонаттар қойылған. Мергель, керамзит сияқты құрылыста пайдалы қазба байлықтардың жайында кең мағлұмат берер мұражайдың екінші бөлімінің де қызығушылық танытқан адамға берері мол.

Түгелбай БИСЕН,

Зеленов ауданы

DSC_0353 D

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале