7.11.2018, 16:32
Оқылды: 45

Зеленовта бруцеллез анықталған ірі қараны бас пайдасы үшін пайдаланған тұрғындарға айыппұл салынды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Зеленов аудандық аумақтық инспекциясы тарапынан ветеринариялық-санитарлық бақылау және қадағалау бойынша жұмыстар атқарылып келеді.

 vakcinacia-telat-350x262ҚР 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ бекітілген ҚР Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес, Зеленов ауданы көлемінде ҚР-ның «Ветеринария туралы» Заң талаптарының сақталуына тексерудің өзге де түрінде және жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.

Мал ұрлығына қарсы «Жол картасын» іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру негізінде және «Көшім» жол бекетінде рейдтік тексерістер нәтижесінде ауыл шаруашылығы жануарларын заңсыз тасымалдау фактілері анықталып, 4 жеке тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясынан транзиттік тасымалдауға уақытша шектеулер енгізуіне орай ветеринариялық-санитарлық қарау кезінде ветеринариялық сертификаттың болмауына және санитарлық талаптардың бұзылуына байланысты жүктерді қайтару туралы актілер рәсімделіп, тасымалданған 600 балапан және 40 тонна мал азығы өнімдері (фуражды бидай) Ресей Федерациясына кері қайтарылды.

Мал азығы өнімдерін тасымалдаушылар қайтарылған мал азығын басқа аутөлікке аударып, жалған құжаттар арқылы өту жоспарлаған әрекеттері жол патрульдік полициямен бірлескен рейд кезінде әшкере болып, айыппұл салынды.

Инспекция мамандарымен 22 жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, 25 әкімшілік іс қозғалды. Соның ішінде жалпы сомасы соммасы 444 925 теңгеге 20 айыппұл салынып, 5 ескерту берілді.

-Ветеринария саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына байланысты 2 жеке тұлғадан келіп түскен өтініш қаралып, өтінішке уақтылы жауап қайтарылды. Өтініштегі мәселелерді қарастыру кезінде жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, бір ауылдық округтің ветеринариялық маманына өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін 12,5АЕК 30 012,5 теңге көлемінде, ал екінші арыз бойынша ветеринариялық дәріханада заңсыз медициналық препараттарды сату фактісі анықталып, ветдәріхана иесіне 25АЕК 60 125 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар бруцеллез ауруына шалдыққан жануарларды мал иелері ветеринар мамандар тарапынан берілген нұсқамаға қарамастан мал сою орындарына тасымалдамай, өз қажеттіліктері үшін сойып, сатып жіберу фактілері анықталған. Көшім, Макаров, Дариян ауылдық округінің 5 тұрғынына 2,5 АЕК жалпы 30 062,5 теңге көлемінде, 1 шаруа қожалығы иесіне 12,5АЕК 30 062,5 теңге көлемінде айыппұл салынып, Щапов, Белес ауылдық округінің 3 азаматына ескерту берілді, - дейді ҚР АШМ ВБжҚК Зеленов аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Жұмабек Батырұлы.

Ертай БИМҰХАНОВ,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале