14.09.2018, 10:00
Оқылды: 33

Зеленовта еңбек ардагеріне құрмет көрсетілді

Зеленов ауданының әкімі Асхат Шахаров ұзақ жылдар бойы ауданның өркендеуі мен дамуына өзіндік үлес қосқан еңбек ардагері Фарид Абдолұлын Яфаровты 85 жасқа толу мерейтойына орай қабылдады.

 85-2

Аудан басшысы Асхат Берлешұлы ардагерді мерейтойымен құттықтап, оның жүріп өткен еңбек жолына тоқталып, құрмет көрсетті.

- Арда туған азаматтарды үлгі тұтып, елге жасаған игі істерін ғибрат ету - азаматтық парыз.

Сіздің еңбек жолыңыз адал да қажырлы істерге толы. Сізді аудан жұртшылығы атынан 85 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын, - делінген аудан әкімінің құттықтау хатында.

Аудан әкімі еңбек ардагері Фарид Абдолұлын мерейлі жасымен құттықтап, иығына шапан жапты.

Ардагер аудан әкімдігіне ризашылығын білдіріп, батасын берді.

Ертай БИМҰХАНОВ,

Зеленов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале