6.12.2018, 17:15
Оқылды: 79

Зеленовта үздік қосымша білім беру ұйымы анықталды

Қосымша білім беру ұйымдарының 100 жылдығына орай «Үздік қосымша білім беру ұйымы» атты аудандық байқау өтті.

 Косымша1Байқауға аудан бойынша 4 қосымша білім беру ұйымы (№1 Переметный саз мектебі, «Жас туристер станциясы» туристік орталығы, аудандық тәрбие жұмысы орталығы және №2 Дариян саз мектебі) қатысты.

         Таныстыру, «Жетекші ұйымның жұмыс үлгісі» жобасын қорғау, өнер көрсету бөлімдерінен тұрған байқауға қатысушы командалар жақсы дайындықпен келгендіктерін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша «Жас туристер станциясы» туризм орталығы бас жүлдені жеңіп алды. Ал Переметный саз мектебі І орын, аудандық тәрбие жұмысы орталығы ІІ орын, Дариян саз мектебі ІІІ орынға ие болды.

Ертай БИМҰХАНОВ,

Зеленов ауданы

 zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале