8.11.2018, 16:54
Оқылды: 42

Зеленовта жаңа спорт алаңы ашылды  

 

Zelenov sport (2)Ауыл жастарының бос уақытын спортқа арнап, салауатты өмір салтын ұстануға қолайлы жағдай туғызу мақсатында Зеленов ауданы, Көшім ауылдық округіне қарасты Үлкен Шаған ауылында спорт алаңы ашылды.


 

«ҚазТрансОйл» АҚ қоғамының бастамасы негізінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның қолдауымен ашылған спорт нысанында стрит уорк аут, балалар және футбол алаңы бар. Жаз аяғында басталған жұмысты «Мастер Кап строй» ЖШС жүргізіп, уақтылы тапсырды.

Zelenov sport (1)- Тәуелсіздік алғалы ел спортшылары көк туымызды жыққан емес. Қазақ спортшылары әлем, Азия біріншіліктері мен олимпиада ойындарында да алтыннан алқа тағып, ел қошеметіне бөленді. Бүгінгі ашылып жатқан спорт алаңы ауыл жастарын спортпен шұғылдануға шақырып, болашақта ауданның ғана емес, елдің атын шығарар спортшыларды тәрбиелеуге өз септігін тигізеді деген үміттемін, - деді спорт алаңының ашылу салтанатына арнайы келген аудан әкімі Асхат Шахаров.

Сондай-ақ алаңның ашылу салтанатында мердігер компанияның өкілі Андрей Евсеев сөз алып, спорт алаңы ел игілігі үшін қызмет етсін десе, ауыл тұрғындары атынан сөз алған ақсақал Отар Нәбиұлы жастарды қуанышқа бөлеп, ауылға  пайдасы тиер іс қылған ауыл, аудан әкімдіктері мен алаңды салуға демеушілік көрсеткен жандарға ризашылығын білдірді.

Болашақта аудан аумағында тағы 13 осындай спорт алаңы салынатын болады.

 Түгелбай БИСЕН

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале