5.09.2018, 15:19
Оқылды: 52

Зеленовта жылыжай ісі дамып келеді

Жайқалған егін, көкөніске толы бау-бақшасымен танымал Зеленов ауданында жылыжай ісі жыл санап дамып келеді.

zelenov (2)

Аудан шаруалары біртіндеп қысты күні көкөніс егу ісін меңгерген. Аудан аумағында 5 жылыжай жұмыс істеп тұр. Олардың жалпы көлемі 21964 шаршы метрді құрайды. Өңірімізді көкөніспен қамтып отырған жылыжайдың ең үлкені 9928 шаршы метрді жерді алған. Аталған кешенде 17 жылыжай орналасқан болса, ең кіші жылыжайдың көлемі 1700 шаршы метр. Ол жерде бір ғана жылыжай орналасқан.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары жылыжайлар негізінен қияр мен қызынақ өндіретіндігін айтады. Биыл 319,8 тонна өнім жиналған. Бұл шаршы метр жерден 14,6 келі өнім алынғандығын көрсетеді.

Түгелбай БИСЕН,

Зеленов ауданы

zelenov (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале