Зеленовтық Еламан Ғұмар мен Қайырбек Қойшыбаев ІІ дәрежелі «Шекара қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Әскери борышын абыроймен өтеп келген сарбаздарға төсбелгі табыстаған аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім басшысы Ғабділжәлел Ниязалиев: «Осыдан бір жыл бұрын осы екі сарбазды әскерге өзім аттандырған едім. Енді, міне, марапаттап жатырмыз. Еламан мен Қайырбектің көрсеткен мінсіз қызметтін басқа да сарбаздарымыз көрсете білсін»,-деді.
Әскери қызметтерін Маңғыстау облысында өтеп келген ефрейторлар Еламан Ғұмар мен Қайырбек Қойшыбаев әскерге өз еріктерімен аттанған. Мұндай марапаттың боларын сезбеген Еламан: «Әскерге барғандағы мақсатым Отаныма адал қызмет көрсету ғана болды. Медаль не болмаса мақтау үшін барған жоқпын әскерге»,-дейді.
Түгелбай Бисен
Зеленов ауданы
zhaikpress.kz