28.12.2018, 12:53
Оқылды: 97

Зеленовтық оқушы мектепке кітап сыйлады

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Зеленов ауданы Дариян мектеп-гимназия интернатының мақтанышы, республикалық пәндік олимпиада жүлдегері Данияра Галиева өзі оқыған мектеп кітапханасының қорына бірнеше кітап тарту етті.

1f86f90ac1e26510df9aa86cf8b4d90a_210720

Білім алып, түлеп ұшқалы отырған алтын ұясына деген құрметін осылайша көрсеткен Данияра дана Абайдың «Қара сөздері», «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары», «Ұлы императорлар» энциклопедиясы, Шыңғыс Айтматовтың «Плаха» және орыс әдебиеті классиктерінің таңдамалы шығармалары мен «Шедевры русской живописи» сияқты мектеп оқушылары үшін қажетті кітаптарды сыйлады.

         Талай өрелі бәйгелерден топ жарған Данияра:

         - Осы күнге дейін бірталай білім бәйгелеріне қатыстым. Жеңіп шығуыма оқыған кітаптарымның пайдасы көп тиді. Сондықтан өзімнен кейінгі оқушыларға кітаптарымның пайдасы тисін деген ниетпен кітап қорымдағы үздік шығармаларды мектеп кітапханасына табыстауды ұйғардым, - дейді.

Светлана АСАНОВА,

Дариян мектеп-гимназия интернатының

кітапхана меңгерушісі,

Зеленов ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале