22.05.2017, 10:30
Оқылды: 40

Жайық жағалауын тазартты

 Akjayik jagalaudu jazartti  Ақжайық ауданының Сарытоғай ауылдық округінде «Таза жағалау» акциясы өткізілді. Жайық өзені және Бородино қарасуы жағалаулары тұрмыс қалдықтарынан, қоқыстан тазартылды.


   Шараға БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме инспекторы Нұрлан Сұпұғалиев, орман қорықшысы Амантай Биғалиев және ауыл әкімі мамандары, мекеме қызметкерлері, мектеп оқушылары белсене қатысты. Үш тонна қалдық жиналып, өзен бойы тазаланды.

   Округтің Жанама, Сарман ауылдары жасыл желекті әсем жерде орналасқандықтан, мамандар мектеп оқушыларына табиғатты қорғауға қатысты табиғат аясында дәрістер оқыды.

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале