13.04.2022, 11:45
Оқылды: 67

Жақсыбайға көмек

Тасқалалықтар Жәнібек ауданына қарасты Жақсыбай ауылына қолдан келгенше көмектерін көрсетті.

6

Тасқала ауданы әкімдігімен қоса, «Тасқала-Дэн» ЖШС көмектерін аямады. Аудандық мешіт және жанашыр жастар өткен сейсенбіден бастап көмектерін көрсетіп, қазақтың жалпақ тілімен айтқанда асарлатуда. Ауданның тұрғындары азық-түлікпен, киім-кешектермен және оқу құралдарымен көмектесіп жатыр. Су тасқынынан зардап шеккендерге ауданның жанашыр және белсенді азаматтары қаражаттарын аударып, қамқорлығын көрсетуде.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, өңіріміздің кейбір ауылдары суға кеткен кезде жан-жақтан көмек көрсетіліп жатқаны көңілге қуаныш ұялатады.

Өз тілшіміз,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале