8.03.2023, 20:18
Оқылды: 66

Жалпақтал ауылындағы Казталов аудандық соты жұмысын тоқтатпайды

Кеше Казталов ауданының әкімі Рүстем Зұлқашевтің төрағалығымен Жалпақтал әкімдігінің мәжіліс залында өткен №2 аудандық сотының жабылу мәселесі туралы кеңес отырысы өтті.

IMG-20230308-WA0220

Оған БҚО-дағы соттар әкімшісінің басшысы Мәлік Сәбитұлы Кенжалиев, аудандық прокурор Бауыржан Бақытжанұлы Молғалиев, БҚО бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Казталов ауданындағы өкілі Нұрхат Қадырұлы Қайырғалиев, №1 аудандық сот төрағасы Ұмсын Сүйінғалиқызы Мұханғалиева, аудандық полиция бөлімінің басшысы Мәрлен Сахметұлы Қарабаев пен Жалпақтал полиция бөлімінің басшысы Елжан Кадирұлы Айталиевтер қатысып, көптен бері үлкен мәселе ретінде қозғалып келген 2 аудандық соттың жабылу-жабылмау жөніндегі болашағына заң аясында түсінік берілді.

IMG-20230308-WA0221

Алдымен жиынға қатысушы жергілікті тұрғындардың талап-тілектерін асықпай, байыппен тыңдап алған БҚО бойынша соттар әкімшісінің басшысы Мәлік Кенжалиев қойылған сауалдарға рет-ретімен жауап бере келе:
Республикалық Жоғарғы соттың жаңа талаптарына сәйкес, 2 аудандық сот алдағы уақытта оңтайластыру қағидаттарына сәйкес аз ғана өзгеріспен Жалпақтал ауылында Казталов аудандық соты болып жұмысын жалғастыра беретінін түсіндірді. Ауылдағы сот ғимараты, бір судья және кеңсе қызметкері штаттық кесте бойынша қызметтерін бұрынғыша атқара беретіндігін де айтты. Сондықтан жаңа талаптарға сәйкес болған өзгерістерге аса алаңдаушылық білдіруге де негіздің жоқ екендігін жеткізді.

- Біз, осы саланың маманы ретінде алып-қашпа әңгімелерге жол бермес үшін алдарыңызға арнайы келіп, түсінік жұмыстарын жүргізіп отырмыз. Осында айтылған талап-тілектеріңізді жоғары жаққа да жеткізулеріңізге болады, - деді Мәлік Сәбитұлы.
Көкейде жүрген маңызды сауалдарын жолдап, оларға заң жүзінде толықтай түсініктеме алған ауыл белсенділері мен жергілікті тұрғындар білікті заңгер маманының айтқанына құлақ түре отырып, өздерінің сауалдарына пәрменді жауаптарын алды.
Жиын барысында ауыл тұрғындарының сот қызметіне байланысты мәселелері аудан орталығына бармай жергілікті жерде, яғни Жалпақтал ауылында қаралатындығы нақты түсіндірілді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале