28.08.2026, 20:30
Оқылды: 5

Жалпақталда Ерлан Темірхановты еске алуға арналған волейбол турнирі өтті

Жалпақталдағы спорт кешенінде ауыл спортының дамуына елеулі үлес қосқан Ерлан Мүтиғоллаұлы Темірхановтың дүниеден озғанына 15 жыл толуына орай волейболдан еске алу турнирі өтті.

image-28-08-26-07-35-5

Айтулы жарысқа марқұмның 1971 жылы туған құрдастарынан құралған Қараөзен ауылының «Құрдастар» және «Ардагерлер» командалары, сондай-ақ Қараөзен мектеп-лицейінің 1987, 1990, 1991, 1992, 1997, 1998, 1999, 2001, 2002 және 2007 жылғы түлектері қатысты. Жарыстың ашылуында Қараөзен ауылдық округінің әкімі Нұрхат Болаев, марқұмның бауыры Нұржан Темірханов, досы Аңсар Ұзақбайұлы және бөлесі Алпысбай Қадырбайұлы сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті.

image-28-08-26-07-35

image-28-08-26-07-35-6

Тартысты өткен турнир қорытындысында жүлделі ІІІ орынды 2007 жылғы түлектер командасы (70 000 теңге), ІІ орынды «Ардагерлер» командасы (100 000 теңге) иеленсе, І орын мен 150 000 теңге ақшалай жүлдені 1987 жылғы түлектер командасы жеңіп алды. Сондай-ақ Фархат Жақсылықов «Үздік байланыстырушы», Ержан Рухолла «Үздік тосқауылшы», Ерназар Тілемісов «Үздік шабуылшы», ал Артур Қасымов «Үздік ойыншы» аталымдарымен марапатталды.

image-28-08-26-07-35-3

Шара аясында Ерлан Мүтиғоллаұлының рухына ас беріліп, дұға бағышталды.

Қыдыр Харесұлы, 

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале