23.09.2020, 16:47
Оқылды: 63

Жалпақталда қарияларға көңіл бөлінді

 

Бүгін Қариялар күні мерекесі қарсаңында жалпақталдық волонтерлар, ардагерлер, ауыл жастары Жалпақтал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, қызмет алушы қариялармен жүздесті.

20200923_162447

Емен-жарқын кездесу барысында келген қонақтар орталықтағы қамқорланушы қариялардың хал-жағдайларын сұрап, көңіл-күйлерін біліп, олармен еркін әңгімелесті.
Есте қалар тартымды шараның соңында орталықтың қызметкерлері ұйымдастырған шахмат, дойбыдан жолдастық кездесу жарысы оздырылды.

 

Бейімбет Дүйсенғалиев,
Жалпақтал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мәдени шара ұйымдастырушысы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале