10.04.2020, 9:13
Оқылды: 72

Жалпақталда режим бұзғандар жауапкершілікке тартылды

Әлемді жаулаған пандемияны көзбояушылыққа балап, елдегі жарияланған карантинді «демалысқа» санап жүрген ауылдастар арамызда аз емес.

AA3D4920-0F07-4365-BAC2-DF9582360CA7

Қалыптасқан жағдайға байланысты жергілікті тәртіп сақшылары осындай заң бұзушылармен қатал күресуге мәжбүр болуда.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Бас санитарлық дəрігерінің қаулысын іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жəне денсаулықты қорғау мақсатында ауданымызда рейдтік шаралар жүргізілуде. Шараның нəтижесінде төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін Жаңақала ауданының 1996 жылы туылған Д., 1991 жылы туылған Н., 1993 жылы туылған Д., 1993 жылы туылған А. есімді төрт азаматына Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқықбұзушылық кодексінің 476-бабын, яғни  келу мен кетудің ерекше режимі мен белгілі бір жеке тұлғалар үшін белгіленген мерзімге белгілі бір жерден, өзінің пəтерінен (үйінен) кетуге тыйым салуды бұзғандары үшін əкімшілік хаттама толтырылып, №2 Казталов аудандық сотымен 7 тəулікке əкімшілік қамаққа алынды.         

04A7FFCE-E793-4F0D-8973-13DCC23EEF40

  Сонымен қатар Д. ВАЗ-21014 маркалы автокөлікті масаң күйде басқарғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқықбұзушылық туралы кодексінің 608-бабымен 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тəулікке əкімшілік қамаққа алынды.

52D40179-6AA2-45DD-B27F-950267957C45

Жалпақтал полиция бөлімінен алынған осы мәлімет аудан көлеміндегі өзге ауылдастарға сабақ болуы тиіс. Біз, төтенше жағдай кезінде барлық жерлестерден ортақ заң талабын орындап, сабырлылық танытуын өтінеміз.

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале