19.03.2023, 7:26
Оқылды: 29

Жалпақталда сайлау уақытымен басталды

Жалпақтал ауылындағы №254, №253, №244 сайлау учаскелерінде 2023 жылғы 19 наурыз таңғы сағат 7:00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру уақытында басталды.

 20230319_065902

Сайлау учаскелерінде дауыс беруге 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары қатыса алатыны белгілі. Жергілікті жердегі сайлау тізімдеріне енген тұрғындар таңғы 7:00-де сайлау учаскелеріне келіп, таңдауларын жасауда.

Бізді сайлау науқанына ерекше әзірлігімен таңғалдырған №254 сайлау учаскесінің барлық мүшелері сайлаушыларды ұлттық киім үлгісімен қарсы алып, табалдырығымыздан аттағалы отырған жаңа жылымыз, Әз-Наурыз мерекесіне орай ақ ұсынып, бауырсақтан ауыз тигізді.

20230319_071119

Жалпақтал ауылындағы үш сайлау учаскесі мен №9 округтік сайлау комиссиясы жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал сайлаушылар болса, осы уақыт аралығында өздерінің жасаған таңдауымен Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.

- Бүгін елімізде өтіп жатқан саяси додада — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында ел ертеңіне бей-жай қарамай таңғы 7:00-де барып, алғашқылардың қатарында жанұямызбен бірге таңдауымызды жасадық.

20230319_070730

Сайлау науқанына Жалпақталда орналасқан №254 сайлау учаскесінің барлық мүшелері тыңғылықты әзірлікпен келгендерін байқатып, алдағы Әз-Наурыз мерекесіне орай ұлттық нақышта киініп, келген сайлаушыларға үлкен ізеттілікпен бауырсақ пен ақ ұсынып, жылы шыраймен қарсы алды. Біз сайлауды жоғары деңгейде ұйымдастыра білген сайлау учаскесінің мүшелеріне риза болдық. Таңмен басталған сайлау жұмысы өз дәрежесінде басталғанының куәсі болғанымызға разымыз.
Жаңадан сайланар халық қалаулыларының үмітті ақтап, ел сенімінен шығуына тілек білдіреміз, - дейді Мұхамбетжан Ғұмаров атындағы халық аспаптар оркестрінің дирижёрі  Ахмет Ескендіров.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале