18.06.2020, 11:05
Оқылды: 92

Жалпақталда спорттық кешен құрылысы басталды

Қазталов ауданы Жалпақтал ауылында 160 орынға арналған дене шынықтыру-сауықтыру құрылысы басталды.

Keshen (1)

Салауатты өмір салтын қалыптастырып, ауылдағы өскелең жас ұрпақты спортпен тұрақты шұғылдануға қызмет ететін кешеннің жалпы ауданы 1274,1 шаршы метрді құрайды. Сметалық құны 377,506 миллион теңгеге бағаланған құрылыс нысанын мердігер ретінде "Наурыз" ЖШС-і жүргізуде.

Keshen (2)

– Жалпақтал ауылындағы заманауи спорт кешенінің құрылысы үстіміздегі жылдың наурыз айында басталған болатын. Бүгінгі таңда жұмысы кестеге сай жүріп жатыр. Онда нысанға жауапты мамандармен қатар жергілікті тұрғындардан да жұмысшылар тартылуда. Кешен жұмысын уақытында аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз, – дейді учаске бастығы Болат Сейілов.

Keshen (4)

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале