11.04.2020, 12:04
Оқылды: 118

Жалпақталда жақсы үрдіс бастау алды

 Ықылым заманнан артындағы ұрпағына тал-терек егуді аманат етіп қалдырған бабаларымыз "бір тал кессең, он тал ек" деп бекер айтпаған.

57385938-24BE-4CC3-83D8-1FEF1656E5F2

Міне, осы қағиданы жадында ұстаған "Сартаев", "Альбетияров", "Сәрсенов" жеке кәсіпкерлігінің жігіттері кеше Казталов ауданы Жалпақтал аймағындағы Ақкөл (Сокрыл) көлінің іргесіне мың түп, Құлақ елді мекеніне екі жүз түп тал-теректер отырғызып, қалың көпшілікке үлгі бола білді.

20FB4968-5437-4AF6-8850-10C565F85B23

Тал-терек егу - бабаларымыздан қалған дағды. Ол мұсылмандық қағидада да сауапты істер қатарынан табылады. Біздер табиғат анамен тығыз байланыста еңбек ететін болғандықтан, жігіттерімізбен келісіп, осы бір сауапты істі қолға алуды ұйғардық. Қазір бәрі жақсы. Егілген талдардың арасында қарағай, қайың сияқты басқа да талдардың көптеген түрлері бар. Болашақта осы отырғызған талдарымыз жайқалып өсіп кетсе екен дейміз. Жалпы, өз басым терек егу жұмысын көп болып қолға алғанды қолдаймын. Ауылымыз жасыл-желекке айналса жақсы емес пе? - дейді кәсіпкерлігімен елге танылған Әлібек Сартаев.

8E588869-4BC6-4F07-BF8D-AE917DB63E3E

29C96907-6446-4B52-8CCF-06AC4296B7F4

5B2515D6-7C19-4CE8-8E81-F587A5D765D5

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале