15.06.2020, 18:43
Оқылды: 97

Жалпақталда жеті көше жөнделеді

Казталов ауданына қарасты Жалпақтал ауылында биыл жақсы жобалар жүзеге асқалы тұр. Олардың қатарында 4,1 шақырымды құрайтын 7 көшенің күрделі жөндеу жұмыстары жүзеге асады деп күтілуде.

Jalpaktal (3)

Қазірдің өзінде көше жолдарын жөндеу жұмыстары басталып, Д.Нұрпейісова, М.Мәметова, А.Құсайынов, Д.Фурманов, Жалпақтал, Сламахин, Ғ.Анесов көшелеріне қатқыл табанды жолмен қатар 3,5 шақырым жаяу жүргінші жолдың да құрылысы қарқынды түрде жүріп жатыр.

Jalpaktal (1)

Құрылыс жұмыстарын «Айдана» ЖШС жүзеге асыруда. Ауыл көшелерінің бойындағы қызу еңбекті көздерімен көріп жүрген жалпақталдық ағайындардың қуанышында шек жоқ.

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы
zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале