18.04.2024, 23:17
Оқылды: 49

Жалпақталдан Оралға 70-80 адам көмекке барды

Батыс Қазақстан облысының тұрғындары көктемгі су тасқынынан әлі де қорғануда. Жан жақтан жабылған ағайын тасқын кезінде тілсіз жауға тосқауыл қою үшін алдыңғы шептен табылып, көмек қолын созып жатыр.

IMG-20240418-WA0102

- Жайық, Шаған, Деркөл өзендеріне жоғары жақтан құлаған тасқын су мол келуде. Әлі де болса елді мекендерді су басу қаупі сақталып тұр. Осындай қиын сәтте күш біріктіріп, ел болып қимылдау ежелгі әдетіміз. Сондықтан сын сағатта бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарғанға не жетсіін?! -Біз, Жалпақтал ауылының сексенге жуық бір топ жігіттері өз еркімізбен Орал қаласына көмекке келдік. Халқымыз қиын-қыстау заманда да ішкі бірлігі мен сабырынан айырылған жоқ. Қазіргі таңда өңірімізде тосын жағдай орын алуда. Осындай күрделі кезеңде ауылдан келген еріктілер қатарындағы жігіттер көп көмегін тигізіп, елдің бірлігін арттырды. Солармен бірге біздер, Жалпақтал ауылынан арнайы келіп, сексенге тарда жігіттермен тасқынға тоқауыл қою мақсатында көмек қолымызды создық. Көп болып атқарған қол жұмысымызға куә болған облыс әкімі Нариман Төреғалиев жапақталдық жігіттерге ризашылығын білдірді, - дейді еріктілер тобын бастап барған аудандық мәслихаттың депутаты Мәди Меңдешев.

IMG-20240418-WA0084

Қыдыр Харесұлы, 

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале