1.04.2021, 16:28
Оқылды: 59

Жамбылдағы игі іс

Биыл қыста қар қалың түсті. Басталысымен аяз қысып, соңы созылып кетті. Енді, міне, күн жылынып, қар еріп, ауылдың іші-сырты суға толып, жолдар езіліп кетті.

BF7C4B7B-598C-45E7-B403-5697A565E70D

Өткен жылы Ақжайық ауданының Жамбыл ауылына ауыз су келіп, халық қуанған болатын. Сол қазба жұмыстарының нәтижесінде ауылдың кіреберіс жолы үңірейіп, топырақ төмен түсіп кеткен. Ауылға кірген-шыққан көліктер осы тұстан өте алмай, жолаушылар біраз әбігерге түсті. Осыған ауыл жұрты жұдырықтай жұмылып, өздерінің ауызбіршілігін көрсетті. Осы шаруада ауылдың байырғы тұрғыны, зейнеткер Әлбек Жамақов жастарға жол көрсетіп,  бастама жасады. Ер азаматтар, жастар қолдарына күрек алып, жолды өз күштерімен тегістеп, қарын аршып, топырақ төсеп, нығыздап, бір асарлатып жіберді.

Осылай әрқашан бірлігі мығым болып, қиындықта бірігіп, елге үлгі көрсетіп жүретін азаматтар аман болсын.

Өз тілшімізден

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале