15.12.2023, 16:30
Оқылды: 91

Жаңа әкім тағайындалды

Казталов ауданы Бостандық ауылдық округінің әкімі лауазымына Есбол Сақауов тағайындалды.

Округке арнайы келген Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов округ активі мен қауымдастық мүшелеріне жаңадан тағайындалған әкімді таныстырып, Есбол Ерболұлының алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

IMG20231215124744

Сонымен қатар Казталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жүсіп Шакуов өткен сайлау нәтижесін баяндап, округ әкіміне куәлік табыстады.

Есбол Ерболұлы 1989 жылдың 22 мамырда Казталов ауданының Бостандық ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.

2012 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы Атырау облысы «Қашаған Құрылыс Бірлестігі» ЖШС-ның бетон құрылысының операторы қызметінен бастаған.

IMG20231215124730

2011-2012 жылдары «Мир» жауапкершілігі шектеулі серіктесігінің қауіпсіздік қызметі;

2013 жылы  Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыстар бөліміне заңгер мамандығы бойынша жастар тәжірибесінен өткен.

2014 жылы «БатысКотлоМонтаж» ЖШС заңгері;

2016-2018 жылдары соттар әкімшісінің Казталов аудандық соты кеңсесінің жетекші маманы;

2018-2021 жылдары Казталов аудандық ішкі саясат бөлімінің жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы;

2018-2021 жылдары Казталов ауданы «Ақниет» деструктивтік діни ағымдардан қорғау және көмек көрсету орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;

2021-2023 жылдары Казталов ауданы Бостандық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарды.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале