21.02.2024, 12:45
Оқылды: 40

Жаңа басшыны таныстырды

Сырым ауданы әкімі Жұмагелді Батырниязов аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ұжымына бөлімнің жаңа басшысы Айболат Нұрмұхановты таныстырды.

0732807a-2403-4d52-827f-3438c7f98e84

Айболат Сақтағанұлы 1989 жылы 16 қарашада Сырым ауданы Жымпиты ауылында дүниеге келген.

Білімі – жоғары. 2010 жылы Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық университетін «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару» мамандығы, 2013 жылы Батыс Қазақстан инженерлік гуманитарлық университетін «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»  мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде жастар тәжірибесі бойынша бастаған.

54c2a4e0-da4c-4f19-b3bf-745eb1c9a75a

2012 жылдан бастап әр жылдары аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің статисі, бас маманның міндетін уақытша атқарушы, бас маманы қызметтерін абыроймен атқарды.

2020 жылдың маусым айынан бастап Жетікөл ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы, 2020 жылдың қазан айынан бастап Жетікөл ауылдық округ әкімі болып қызмет етті.

Сырым ауданы әкімінің 2024 жылғы 20 ақпандағы №53 өкімімен Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Аудан әкімі жаңа басшының жұмысына сенім білдірді. А.Нұрмұханов өзіне артылған міндет пен сенім жүгін арқалап, еңбек етуге дайын екенін айтты.

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале