30.12.2021, 17:00
Оқылды: 77

Жаңа ойын алаңы салынды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Бәйтерек ауданы Мичурин ауылдық округіне қарасты Жамбыл ауылында балалар ойын алаңы ашылды.

36

Жазғытұрым жергілікті қауымдастық жиынында тұрғындар Зеленый және Жамбыл ауылдарына балалар ойын алаңын салу жайы көтерілген болатын. Ел сұрауы жерде қалмай, бірнеше ай бұрын Зеленый ауылында ойын алаңы бой көтерсе, мереке қарсаңында жамбылдық өрендер де қуанышқа кенелді.

37

Барша ауылды ерекше қуанышқа бөлеген алаңда ауыл бүлдіршіндерінің емін-еркін ойнауына барлық жағдай жасалған. Алаң тұсау кесерінде жергілікті әкімдік есебінен ауыл балаларына жаңа жылдық сыйлықтар мен тәттілер таратылды.

Одан бөлек алаңды тұрғызған «Жаңа Әлем» шаруа қожалығы да ауыл балақайларын қуанытып, сыйлықтарын таратты.

38

-Жаңа жыл қарсаңында бүтін бір ауылды қуантудың сәті түсті. Ел сұранысын қанағаттандырғанымызға қуаныштымын. Жалпы ауылда атқарылған жұмыс көп. Ауыл жолдары жөнделді. Округке қарасты Асан ауылының ауылішілік жолдарын ретке келтірдік. Октябрь ауылына кірер жол салынады. Алған бағыттан таймай жұмыстана беретін боламыз, -дейді Мичурин ауылдық округінің әкімі Максим Мусалимов.

Назерке Сыйлыбаева,
Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале