15.03.2023, 21:59
Оқылды: 55

«Жаңа өмір, жаңа жыл»

Осындай атаумен аудан орталығында 14-наурыз Көрісу айт мерекесіне арналған мәдени шара өтті.

image-15-03-23-09-33-3

Мәдени-мерекелік шараға аудан әкімі Төлеген Төреғалиев қатысып, жерлестерін Көрісу айт мерекесімен құттықтаса, Ысқақ Күрпілдесов ақсақал ақ батасын беріп, елге амандық тіледі.

image-15-03-23-09-33-4Қыстан аман шығуымен бір-бірін құттықтап, құшақтасып, жылы лебіздерін білдіріп жатырған қазақи нақыштағы шапандарымен, жаулықтарымен келген ата-әжелерге қарап көзің тояды.

image-15-03-23-09-33-10

image-15-03-23-09-33-7

image-15-03-23-09-33-5

image-15-03-23-09-33-6

Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен орталық алаңдағы киіз үйде елдің үлкендеріне ас берілсе, ойын балалары асық атып мәз-мейрам. 
Шара ауданның көркемөнерпаздарының шағын мерекелік концертіне ұласты.

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале