31.08.2026, 16:30
Оқылды: 6

Жаңа прокурор тағайындалды

Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен актив отырысында Жаңақала ауданының жаңа прокуроры таныстырылды. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен ротациялау тәртібінде бұл лауазымға Дәурен Тажғалиев тағайындалды.
IMG_7772 (1)
Жаңа басшыны активке БҚО прокурорының бірінші орынбасары Дәурен Омарғалиев таныстырды.
Дәурен Еркінұлының прокуратура органдарында 17 жылдан астам еңбек өтілі бар. Бұған дейін ол Тасқала, Бөрлі аудандары мен облыстық прокуратурада түрлі жауапты қызметтерді, сондай-ақ БҚО Мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры лауазымын атқарған.
IMG_7778
Жиын барысында аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев бұған дейін аудан прокуроры болған Қанабіл Төремұратовқа атқарған нәтижелі жұмысы үшін ризашылығын айтып, алғысхат табыстады. Сондай-ақ жаңадан тағайындалған аудан прокуроры Дәурен Тажғалиевке жауапты қызметіне табыс тіледі.
IMG_7787
БҚО Жаңақала аудандық сотының төрағасы Меңдіғали Бақтығұлов сөз алып, жаңа прокурордың абыройлы қызмет ететініне сенім білдірді. Қанабіл Төремұратов аудан жұртшылығына алғысын айтып, әріптесінің алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Райхан Хамзина,
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале