18.01.2022, 20:01
Оқылды: 59

Жаңа тағайындау

Сырым ауданы әкімінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы №6 өкімімен Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымына Исатаева Кенжегүл Есмұқанқызы тағайындалды.

WhatsApp Image 2022-01-18 at 20.52.58

Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев жаңа басшыны ұжым алдында таныстырып, еңбек жолын атап өтті.
Кенжегүл Исатаева 2007 жылы Заманауи гуманитарлық академиясын құқықтану мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын Ақжайық аудандық прокуратурасының статистика жөніндегі бас маманы болып бастап, Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің хатшысы-іс жүргізушісі, Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің хатшысы, әскери есеп бойынша инспекторы, кадр жөніндегі аға инспекторы, Сырым аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің әлеуметтік қызметкері, Талдыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының әлеуметтік қызметкері, Талдыбұлақ жалпы білім беретін орта мектебінің іс-жүргізушісі, зертханашысы, Сырым ауданы прокуратурасының бас маманы, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқық және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы лауазымдарында қызмет атқарған.

WhatsApp Image 2022-01-18 at 20.52.58 (1)
2012 жылдың мамыр айынан бастап Сырым ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді. Аудан әкімі бөлімнің жаңа басшысына сенім білдіріп, сәттілік тіледі.

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале