4.12.2021, 19:23
Оқылды: 93

Жаңа тағайындау

Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 29 қарашадағы №37 өкімімен Бұлдырты ауылдық округі әкімінің лауазымына Нұрпейсов Салауат Жолайұлы тағайындалды.

FB_IMG_1638619596982

Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиев жаңа басшыны ұжым алдында таныстырып, еңбек жолын атап өтті.

Нұрпейсов 1993-1999​ Батыс Қазақстан Аграрлық университетін агроном, агрохимик және топырақтанушы мамандығы бойынша бітіріп шықты, еңбек жолын Бұлдырты ауылында «Анда» шаруа қожалығында агроном болып бастап, Сырым ауданы әкімі аппаратынының ұйымдастыру, бақылау және кадрмен жұмыс бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру, бақылау және кадрмен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, аудан әкімінің көмекшісі-бас инспекторы, аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Бұлан ауылдық округінің әкімі, Бұлдырты ауылдық округінің әкімі, «Сырым» МКҚ директорының міндетін уақытша атқарушы​ секілді бір қатар лауазымдарды атқарған.

FB_IMG_1638619580460
2014 жылдың қараша айынан қазіргі уақытқа дейін Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді. Аудан әкімі округтің жаңа әкіміне сенім білдіріп, сәттілік тіледі.

FB_IMG_1638619575282

Одан бөлек, осы күнге дейін 8 жыл бойы Бұлдырты ауылдық округі қызметін атқарған Ерлан Мақашевқа елдің атынан алғыс білдіріп, аудан әкімінің алғыс хаты табысталды.

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале