30.05.2023, 16:15
Оқылды: 13

Жаңақала ауданы: Мұрат Байсалов жас мемлекеттік қызметшілермен кездесті

Бүгін Жаңақала ауданына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО бойынша департаментінің басшысы Мұрат Байсалов барды.

8171111C-2BAE-466B-928A-D78AFAC69EED

Мұрат Сейілбекұлы алдымен аудандағы барлық жас мемлекеттік қызметшілермен кездесті. Оларға әдеп нормаларын сақтау, қызметтеріне адал болу сияқты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жарқын болашаққа жол бастайтын Президенттік жастар кадрлық резервіне қатысу жайында ақпараттармен бөлісті.

Осыдан кейін департамен басшысы қоғамдық кеңес және аудан активімен кездесті. Мұнда жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге барлық халықтың бiрдей қол жеткiзу қажеттігін, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейту, мемлекеттік қызмет саласына жауапты басшылары және мамандарына мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылуына жол бермеу сияқты мәселелерді атап өтіп, жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырды.

2D2D6DED-404F-4A11-ABB4-FEC6645CD8B8

Жұмыс сапары барысында департамент басшысы аудандағы бірқатар беделді мемлекеттік қызметшілерді атай отырып, оның ішінде «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» байқауында өңір бойынша жеңімпаз атанған Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Гүлжан Насибуллинаға алғыс білдіріп, марапатын табыс етті.

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале