15.05.2024, 23:48
Оқылды: 12

«Жаңақала барысы» анықталды

Бүгін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» облыстық турниріне іріктеу жарысы болды. Турниерді Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен аудандық «Jastar» спорт клубы ұйымдастырды.

image-15-05-24-10-19

Байрақты бәсекеге аудан орталығы мен ауылдық округтерден 19 палуан қатысып, бақ сынады. Бозкілемде алдымен өгіз палуандар 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 11 палуан белдесті.

Нәтижесінде, І орынды Самат Самиғуллин, ІІ орын Дәуренбек Утепов, ІІІ. Санжар Ғинаятов еншіледі.

Ал 90 келіден жоғары салмақтағы түйе палуандар арасындағы тартыс нәтижесінде І орынды Дәурен Жағыпаров, ІІ орынды Мәди Арыстанғалиев, ІІІ орынды Ақжол Әділғалиев иеленді.

image-15-05-24-10-19-3

Жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлеріне арнайы ақшалай сыйлықтармен дипломдар, медальдар табыс етілді. Жеңімпаздарымызға алдағы облыс барысында сәттілік тілейміз!

Аруғаным Қазиева,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале