Жаңақала ауданынің әкімі Алпамыс Көшкінбаевтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтіп, бірқатар мәселелер қаралды.

Күн тәртібінде бірінші қоғамдық тәртіп, мал бағымын ұйымдастыру және жол-көлік қозғалысы бойынша АПб жергілікті полиция қызметінің бастығы Ержан Макишев баяндама жасады.
Аудан бойынша ағымдағы жылдың 4 айында әкімшілік құқық бұзушылықтың былтырғы жылдың 4 айымен салыстырғанда өсім байқалған. Бұл биылғы жылы аудан орталығына қойылған 135 камераның тиімділігін, бұрын байқалмайтын кейбір әкімшілік құқық бұзушылықтардың дер кезінде шара алуынан болып отырғанын көрсетіп отыр. Сонымен қатар жылда қайталанатын мәселелердің бірі мал бағымын ұйымдастыру. Ауылдық округ әкімдігімен бірлесе малшы табуды ұйымдастыру күн тәртібінен түспейді. Мал өлу актісін жасау, тиісті емес жерлердегі қалыптасқан мал молаларын жою, тұрғындардың өлген малдарын тиісті мал моласына апармаған жағдайда шара алу туралы айтылды.
Күн тәртібінде қаралған екінші мәселе «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Мұқанов баяндады. Талаптарға сәйкес «Қарызсыз қоғам» жобасы шеңберінде тек «Д», «Е» санатына жататын және несиелік ұйымдарға берешегі 90 күннен асқан аудан тұрғындарын оқыту жоспарланған. Қазіргі кездегі аталған санаттағы халықтың оқытылу деңгейі,
кедергілер мен атқарылуы тиіс жұмыстарды атап өтті.
Жиында Бірлік ауылдық округіндегі құрылысы жүріп жатқан амбулатория құрылысын қадағалау, Мансап орталығынан берілетін гранттың талаптарының өзгеруі және тұрғындар арасынан жаңа жобалар дайындау, ағымдағы жылдың басында берілген ауылдық округтердің бюджетінің игерілуі, ауылшаруашылық техникаларын техникалық байқаудан өткізу, инвестиция тарту жұмыстарын жандандыру, мерзімді баспасөзге жазылуды ұйымдастыру, кәсіпкерлікті дамыту жолдарын қарастыру, апараттық кеңестегі тапсырмалардың орындалуы туралы хабарламалар мен мәселелер зерделеніп, тиісті тапсырмалар беріліп, қорытындыланды.
Сыйлыхан Жұмасалық,
Жаңақала ауданы