6.06.2017, 11:35
Оқылды: 50

Жаңақалада 3243 бала жазғы демалыспен қамтылмақ  

 

Мектеп оқушыларының жазғы демалысын сапалы ұйымдастыру үшін Жаңақала ауданы әкімдігінің «Жазғы кезеңде оқушылар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» №109 қаулысы қабылданды.


Бұл бағытта аудандық бюджеттен 4 млн теңге қаражат бөлініп, аудандық білім бөлімінде жазғы демалысты ұйымдастыру мақсатындағы іс-шаралар жоспары құрылды. Аудандық білім беру бөлімінің берген мәліметіне қарағанда, аудан бойынша биыл жазғы демалыс лагерьлерінде 3243 баланы демалту көзделіп отыр. Ал бұл 1-10 сынып оқушыларының (3243) 100 пайызын құрайды.

Жазғы сауықтыру демалыс лагерлері жалпы білім беретін  мектептерде ұйымдастырылды. Соның ішінде мектеп жанындағы лагерлерде барлығы-2400 бала, жазғы шатырлы лагерде 140 бала, аудандық «Балдәурен» лагерінде 500 бала, облыстық деңгейдегі лагерлерге 40 бала, республикалық деңгейдегі лагерлерге 20 бала, халықаралық лагерде 2 оқушы қамтылады деп жоспарлануда.

Ал аудандық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының шатырлы лагерьлерінде 140 баланың тынығуына мүмкіндік туды.

Сонымен қатар жазғы демалыс кезінде 3 кезеңмен 270 оқушы  Астана қаласында өтетін ЭКСПО көрмесін тамашалауға, аудандағы 14 орта мектептің оқушылары Бөкей Ордасы ауданындағы тарихи орындарға саяхаттап қайтпақшы.

Жасөпірімдерді еңбекке баулу, бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 1288 оқушы көгалдандыру жұмыстарына тартылмақ.

Надежда ЕСЕТОВА,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале