29.01.2020, 17:37
Оқылды: 56

Жаңақалада «Ашық әкімдік» шарасы өтті

Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин аудан тұрғындарын «Ашық әкімдік» шарасы аясында жеке қабылдады.

qaztalov ashyq (2)

Қабылдауға аудан прокуроры Арман Қабанов, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Саматов, бірқатар бөлім басшысы, полиция мен БАҚ өкілдері қатысты. Негізінен тұрғындар жұмыссыздық, атаулы әлеуметтік көмек, жер алудағы кедергілер және тұрғын үйге қатысты мәселелер төңірегінде ой-пікірлерін ортаға салып, оларға аудан әкімі тарапынан тұшымды жауаптар беріліп, заңдылықтары түсіндірілді. Және де қабылдау барысында кейбір өтініштерді қанағаттандыру мақсатында тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ әр өтінішті байыппен тыңдаған аудан әкімі алдына келген 13 тұрғынның жағдайын саралап, әсіресе жалғыз басты аналар мен мүгедектерге бірінші кезекте жұмыс беру мүмкіндігі қарастырлатындығын айтты. Материалдық көмекке зәру жандарға да барынша қолдау жасалады.

 Ақсұңқар Сәдір

Жаңақала ауданы

         zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале